Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсы

⚜️ Құрметті достар!

✨ Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың жүріп жатқаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. 2024 жылдың 17 маусымы мен 25 тамызы аралығында өтініш бере аласыз!!!
Байқау жыл сайын АТУ бакалавриатының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.
Нұрлан Қаппаров атындағы Грант 1 (бір) оқу жылындағы шығыстарды 100% жабуды көздейді.
Үміткерлер: 2024 жылы ҰБТ тапсырған және нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың @gauharakap және “Эндаумент АТУ” @endowmentfund.atu корпоративтік қорының бастамасымен 2020 жылы құрылды.
Нұрлан Қаппаров Алматы технологиялық университетінің түлегі болып табылады.
Нұрлан Қаппаров жастарға және білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлген қазақстандық мемлекет қайраткері және кәсіпкер болған.

1. Бейне ролик
Конкурсқа қатысушының Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында орыс немесе қазақ тілдерінде " Менің туған жерімдегі еріктілер қозғалысын дамытудағы үлесім" тақырыбында 0:59 сек. дейінгі бейнероликпен пост жариялау.

Бейнероликке қойылатын талаптар:
- ұзақтығы 0: 59 секундқа дейін
- орыс немесе қазақ тілдеріндегі көлемі 300 таңбадан кем емес (барлық әріптер мен белгілердің жалпы саны) тақырыптағы бейнероликке мәтіндік сипаттама
- авторлық құқықты сақтай отырып, музыкалық сүйемелдеу
- байқауға қатысушының Instagram аккаунтында бейнероликпен және тақырыптың сипаттамасымен АТУ @atu_media аккаунтының міндетті белгісі мен #grantatu хэштегі бар пост жариялау

Қосымша көрсетілген мекенжайға электрондық форматта бейнеролик тапсырылады: endowment@atu.edu.kz 2024 жылдың 25 тамызына дейін.
Бейнероликтегі хатқа қасымша ҰБТ сертификатының көшірмесін, сондай-ақ жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесін немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесін қоса беру қажет.
Қатысушылардың посттарында жарияланған бейнероликтер бойынша конкурстың нәтижелерін сараптама комиссиясы 2024 жылғы 30 тамызға дейін жариялайды.

Н.ҚАППАРОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ГРАНТЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 2024 ж

Қатысу мәселелері бойынша Тел.: +7 775 444 00 81 Айнур Ибраевна