Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурстың 2-ші орын иегері!
Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурстың 2-ші орын иегері!
Сараптамалық комиссияның шешімімен Алматы қаласының №118 мектеп-гимназиясының түлегі Арипов Руслан Шухратович Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсының 2-ші орын иегері атанды.
Руслан Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетіне «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсті.
Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың және «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры бастамасымен 2020 жылы бекітілген.
Русланды құттықтаймыз және жаңа қызықты жобалар мен шығармашылық табыс тілейміз!