Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру гранты – 2026
Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру гранты – 2026
Корпоративтік «Эндаумент АТУ» қоры Нұрлан Қаппаров атындағы жыл сайынғы білім беру гранты конкурсына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Егер сіз АТУ-ға ақылы негізде бакалавриатқа түсуді жоспарлап, ҰБТ-дан 50 және одан жоғары балл жинасаңыз, 1 оқу жылына оқу ақысының 100%-ына дейінгі грантты жеңіп алу мүмкіндігіне ие боласыз.
Конкурсқа қатысу үшін:
- «АТУ – менің болашақ мамандығыма апарар жол» тақырыбында 3 минутқа дейінгі авторлық бейнеролик дайындаңыз;
- Instagram парақшаңызға ашық түрде жариялап, @atu_media және @endowmentfund.atu аккаунттарын белгілеңіз;
- #endowmentfundatu #grantatu хэштегтерін қолданыңыз.
Өтінімдер 2026 жылғы 25 тамызға дейін қабылданады.
Конкурс нәтижелері 2026 жылғы 30 тамызға дейін жарияланады.
Қажетті құжаттарды endowment@atu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Байланыс:
Әсел Болатқызы
WhatsApp: +7 702 495 23 34