Нұрлан Қаппаров атындағы 2025 грант байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!
Сараптамалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша грант Шымкент қаласының № 136 орта мектебінің түлегі Сәбит Динара Нұрдәулетқызына берілді. Биылғы жылы Динара "Азық-түлік өндірінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша Тағам технологиялары факультетіне оқуға түсті.
Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Каппарованың @gauharakap және "Эндаумент АТУ" Қорпоративтік қоры @endowmentfund.atu бастамасымен 2020 жылдан бастап берілуде.
Динараны құттықтаймыз, табысты оқу мен жаңа жетістіктер тілейміз!





