Наурызнамның мерекелік онкүндігі аясындағы ұлттық спорт күні
Наурызнамның мерекелік онкүндігі аясында ақпараттық технологиялар факультетінің, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының студенттері ұлттық спорт Күні аясында спорттық жарыстарға қатысты.
Біздің студенттер тамаша спорттық көрсеткіштерді, белсенділік пен ұйымшылдықты көрсетті. Жарыс тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тарту, гір спорты, қазақша күрес сияқты спорт түрлерінен өтті.




