Наурызнама: дәстүр мен шығармашылық мерекесі

Наурызнама мерекелік онкүндігі аясында Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті Ұлы мерекені жарқын әрі дәстүрлі түрде атап өтті!

Іс-шараға факультеттің барлық кафедралары белсенді қатысып, шығармашылық пен креативтің жарқын үлгісін көрсетті. Көз тартар ұлттық киімдер, алуан түрлі тағамдарға толы кең дастархан, сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бейнелеген ерекше театрландырылған көрініс – мұның барлығы мереке қонақтарына ұсынылды.

Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетіне жоғары деңгейде ұйымдастырылған мереке, сыйлаған жарқын көңіл-күй, жағымды әсерлер және бірлік пен достық атмосферасы үшін алғысымызды білдіреміз!