Наурыз думан АТУ-да!

Сіздерді көктемнің шуақты да берекелі мейрамы – Ұлыстың ұлы күні Наурызға арналған мерекелік шараға шақырамыз!
Сіздерді ұлттық нақышта жайылған ақ дастархан, дәмі тіл үйірер наурыз көже, көңілді концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар және халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптейтін салт-дәстүрлерге толы ерекше мерекелік атмосфера күтеді.
 Күні: 2026 жылғы 17 сәуір
Уақыты: 13:00
Өтетін орны: Төле би көшесі, 100, Бас оқу ғимараты
Келіңіздер, Наурыздың шаттыққа толы сәттерін бірге қарсы алайық!