«MERCH ATU» байқауы!

«MERCH ATU» байқауы!

Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері!

АТУ-ға ерекше мерч өнімдерін (киім, аксессуарлар, принттер және т.б.) әзірлеу байқауының басталғанын қуана хабарлаймыз!

Байқауға «Дизайн», «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы», «Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері қатыса алады.

Байқау кезеңдері:

Өзін-өзі таныстыру – қатысушылар командамен танысып, өз дағдылары мен идеяларын ұсынады.

Шығармашылық жұмыс – мерч өнімдерінің түпнұсқа жобаларын әзірлеу және дайындау.

Жобаларды қорғау және таныстыру – командалар өз жұмыстарын қазылар алқасына ұсынып, тұжырымдамасы мен идеясын түсіндіреді және пікір алады.

Үздік жобалар АТУ-дың брендтік өнімдерін әзірлеу кезінде іске асырылады. Сонымен қатар, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталады!

Толық ақпаратты университеттің ресми сайтынан таба аласыз.

Қатысушыларды тіркеу 2025 жылдың 4 қарашасынан 14 қарашасына дейін келесі сілтеме арқылы жүргізіледі:

«АТУ MERCH DESIGN CONTEST» ТІРКЕУ ФОРМАСЫ немесе суреттегі QR-код арқылы.

Байқау талаптары