Мемлекеттік рәміздер күніне арналған музейге экскурсия

Мемлекеттік рәміздер күніне орай тәрбие жұмысы жөніндегі команда студенттер үшін Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музейге танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында білім алушылар Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен танысып, мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы мен маңызы туралы ақпарат алды. Іс-шара жастардың патриоттық рухын нығайтуға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және ел тарихына қызығушылығын дамытуға бағытталды.