Меценат қолдауы — студенттер жетістігінің кепілі

Біздің студенттеріміздің Local food box «Taste of Almaty» стартап жобасын қолдағаны үшін «CASPIAN CENTER» компаниясының директоры, меценат Алиев Камран Назим Оглы мырзаға алғысымызды білдіреміз.

АТУ мен «CASPIAN CENTER» арасында ұзақ мерзімді әрі нәтижелі серіктестік орнаған. «CASPIAN CENTER» құрамына кіретін «JOBTURKIYE» агенттігінің арқасында университет студенттері Түркияның ең танымал курорттарындағы қонақ үйлерде ақылы өндірістік практикадан өту мүмкіндігіне ие.