Магистратураға түсу — 2026: кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау басталды

Құрметті магистратураға түсушілер!

Сіздерге 2026 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.

Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.

Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА

Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
Шет тілі – кемінде 25 балл;
ОДАТ – кемінде 7 балл;
БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА

Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!