ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚАДАМ

АТУ-дың «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Кәрім Айгерім Болатқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытайдағы Beijing Technology and Business University университетінде білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауда.

Beijing Technology and Business University (BTBU) — Қытайдағы беделді жоғары оқу орындарының бірі. Университет экономика, қаржы, бизнес, менеджмент және заманауи технологиялар бағыттары бойынша мамандар даярлаумен танымал және халықаралық білім беру мен ғылыми ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

Алматы технологиялық университеті студенттерге сапалы білім берумен қатар халықаралық мүмкіндіктерге де ерекше көңіл бөледі. Университеттің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен тығыз байланысы студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және жаңа білім беру ортасында білім алуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктер студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге және болашақ мансабына берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.