Әлемді таны, білім көкжиегіңді кеңейт!

Әлемді таны, білім көкжиегіңді кеңейт! 

АТУ Биотехнология және химиялық технологиялар факультетінің «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Қанатқызы Рузана Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Стамбул қаласындағы Үскүдар университетінде білім алуда.

Erasmus+- студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік беретін Еуропалық Одақтың білім беру бағдарламасы.

Бағдарлама аясында студенттер жаңа академиялық ортамен танысып, шетелдік оқытушылардан білім алады, тілдік дағдыларын жетілдіреді және түрлі мәдениет өкілдерімен тәжірибе алмасады.

Рузананың халықаралық академиялық ұтқырлыққа қатысуы - факультет студенттері үшін шетелде білім алу мүмкіндіктерінің нақты үлгісі.

Рузанаға білім жолында толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ұмытылмас әсерлер тілейміз! Халықаралық тәжірибесі болашақ кәсіби жетістіктеріне берік негіз болсын!