Кураторлар мектебі: «TOLYQ ADAM» тұжырымдамасы бойынша оқытудың басталуы
Креатив орталығы кураторларды «TOLYQ ADAM» тұжырымдамасын іске асыру бойынша оқытуды бастады.
Оқытудың бірінші күні Абай ілімінің философиялық-адамгершілік негіздерімен танысуға, тұлғаны тұтас дамыту қағидаттарын зерделеуге, сондай-ақ білім алушылардың ақыл, жүрек және қайрат құндылықтарын қалыптастырудағы куратордың рөлін талқылауға арналды.
Қатысушылар жоғары қызығушылық пен белсенділік танытып, бұл «TOLYQ ADAM» тұжырымдамасының қазіргі білім беру және тәрбие беру үдерісіндегі өзектілігі мен практикалық маңызын айқындай түсті.



