Кураторлар мектебі: «TOLYQ ADAM» тұжырымдамасы бойынша оқыту аяқталды
«TOLYQ ADAM» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған кураторларды оқыту өз мәресіне жетті. Бағдарлама тәрбие жұмысының дамуына және кураторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға маңызды кезең болды.
Оқыту барысында қатысушылар Абайдың философиялық-адамгершілік ілімінің негіздеріне тереңірек үңіліп, тұлғаның тұтас дамуы қағидаларын қарастырды, сондай-ақ білім алушылардың ақыл, жүрек және қайрат үйлесімін қалыптастырудың практикалық тетіктерін талқылады.
Жұмыс ашық диалог, тәжірибелік тапсырмалар және бірлескен талқылау форматында өтті. Кураторлар жоғары қызығушылық пен белсенділік танытып, алған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті.
Оқытудың аяқталуы тек қорытынды шығару емес, сонымен қатар «TOLYQ ADAM» тұжырымдамасын білім беру ортасында жүйелі түрде жүзеге асырудың жаңа кезеңінің бастамасы болды.



