Көрме ретіндегі емтихан: SYZYQ жобасы

АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің «Дизайн» білім беру бағыты бойынша оқитын студенттері үшін емтихан мүлде өзгеше, инновациялық форматта өтті. Студенттер өздерінің емтихандық жұмыстарын - арт-объектілерін «SYZYQ» көрмесі экспозициясы аясында ұсынды.

Барлық жұмыстар әртүрлі курстарда білім алатын студенттерден құралған шығармашылық топтармен орындалды. Бұл үдерісте бірінші курс студенттері жоғары курс студенттеріне арт-объектілер жасауға көмектессе, ал аға буын өз кезегінде тәжірибесімен бөлісті. Жұмыстарды дайындау барысында екінші реттік шикізат пайдаланылып, ол көрме экспозициясында жаңа өмірге ие болып, жаңа пішіндерге енді.

Дәл АТУ-да іргелі классикалық білім беру инновациялық тәсілдер мен заманауи оқыту әдістерімен табысты ұштасады. Біздің университетте әрбір студентке шығармашылық тұрғыда дамуға, өз идеялары мен талантын толық жүзеге асыруға шексіз мүмкіндіктер беріледі.