Креативтік орталықта сән клубының қатысушылары үшін мини-арт-терапия ұйымдастырылып өткізілді.
Креатив орталығының бастамасымен фэшн-клубы аясында сурет салу бойынша мини-арт-терапия өткізілді. Іс-шара білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың жеке әлеуетін ашуға, сондай-ақ бейнелеу өнері арқылы эмоционалдық күйзелісті төмендетуге бағытталды.
Қатысушылар өз идеялары мен ішкі сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына және креативті ойлау қабілетінің дамуына ықпал етті.


