Конкурс - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
Құрметті әріптестер!
Алматы технологиялық университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізіледі.
Конкурстың мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, оқу және ғылыми жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ педагогикалық еңбектің беделін көтеру.
Конкурстың өткізілу мерзімі:
- I кезең: 2025 жылғы 3 қараша – 14 қараша аралығы
- Апелляция кезеңі: 2025 жылғы 17–19 қараша
- II кезең: 2025 жылғы 1 желтоқсан – 12 желтоқсан
Конкурсқа Алматы технологиялық университетінің штаттық оқытушылары қатыса алады.
Қатысу үшін өтінім мен қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Толық нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланады.
Қосымша сұрақтар бойынша жауапты әкімшіге n.raimbaeva@atu.edu.kz немесе конкурс комиссиясына хабарласуыңызға болады.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Қағидалары ҚР БжҒМ №124 бұйрығы 16.03.2015 ж. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506#z73