«Көкжайлау» жобасы таныстырылды
«Көкжайлау» жобасын таныстыру және түсіндіру мақсатында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Kazakh Tourism Development» компаниясының Бас атқарушы директоры Еркінбаев Ержан Мәлікұлы қатысты.
Іс-шараға Алматы технологиялық университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында «Көкжайлау» жобасының негізгі бағыттары мен мақсаттары таныстырылып, туризм саласын дамыту және экологиялық жауапкершілік мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Жиын барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу жастардың туризм саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.Жиын барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу жастардың туризм саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.