Халықаралық білім кеңістігіндегі жаңа қадам!

Алматы технологиялық университеті Ақпараттық технологиялар факультетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының АЖ-25-15 тобының студенті Ерғазы Бекжан 2026–2027 оқу жылының бірінші семестрін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Болгария Республикасындағы Габрово техникалық университетінде өткізуде.

Шетелдік жоғары оқу орнында білім алу студентке халықаралық тәжірибе жинақтауға, жаңа білім мен заманауи технологияларды меңгеруге, сондай-ақ өз саласындағы кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.