Халықаралық академиялық ынтымақтастық – білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі

Алматы технологиялық университеті Ақпараттық технологиялар факультетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ЖИТ-24-11 тобының студенті Талғатқызы Ақниет 2026–2027 оқу жылының алғашқы семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Болгария Республикасындағы Габрово техникалық университетінде білім алуда.

Шетелдік жоғары оқу орнында білім алу студенттің халықаралық тәжірибесін арттыруға, заманауи білім беру тәсілдерімен танысуына және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуына ықпал етеді.