ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ - ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫ БОЛЫҢЫЗ!

2025 жылдың 10 сәуірінде «Алматы технологиялық университеті» АҚ-да қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша 1, 2 және 3 курс студенттеріне арналған оқыту дәрісі өтеді. Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен «АТУ» АҚ «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы. 

Кездесуде сарапшылар жеке қаржыны дұрыс басқаруға және алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауға, өзекті кейстерді ұсынып, практикалық кеңестермен бөліседі және сұрақтарға жауап береді.

Спикер - Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Криминалистикалық бөлім басшысы Қалиев Азамат Алтайұлы, экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі.
Модератор – Рузиева Эльвира Абдулмитовна, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор,  ассоциированный профессор, «АТУ» АҚ «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы меңгерушісі. 

Өтетін күні мен уақыты: 10 сәуір 2025 жыл, сағат 11:30-дан 15:00-ке  дейін
Өткізу форматы: офлайн 
Өтетін орны: «АТУ» АҚ, Төле би, 100, Үлкен акт залы