«JAS CUP» ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

Университетіміздің қолдауымен Жастар ИПК клубының ұйымдастыруымен «JAS CUP» факультетаралық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Аталған турнир барысында қатысушылар «Заң мен тәртіп» тақырыптары аясында және өзге де жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғап, жоғары деңгейдегі пікірсайыс мәдениетін көрсетті. Турнир студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға және өз көзқарастарын еркін білдіруге бағытталды.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
I орын – Ақпараттық технологиялар факультеті
II орын – Ақпараттық технологиялар факультеті
III орын – Тағам технологиялары факультеті

Сондай-ақ, жекелей номинациялар бойынша:
«Ең үздік спикер» – Асан Ақсұлтан
«Үздік спикер» – Сагибаева Сымбат

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға және пікірсайыс мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.