«IQ ALA jastary» зияткерлік ойынына қатысу

Алматы технологиялық университетінің жастары «IQ ALA jastary» зияткерлік ойынына қатысып, өздерінің білімін, тапқырлығын және логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

«IQ ALA jastary» - білімді, коммуникативті, ізденімпаз әрі тапқыр жастарды анықтауға бағытталған жоба. Зияткерлік ойын барысында қатысушылар өздерінің білім деңгейін, ұшқыр ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.

Іс-шараға белсенді қатысқаны үшін университет студенттері Алғыс хатпен марапатталды. Жоба жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, білімге деген қызығушылығын дамытуға және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға мүмкіндік берді.