Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті «ӨҮМжА» кафедрасы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті!
Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті «Өңдірістік үдеріс машиналары және аппараттары» кафедрасы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті!
«Инженерлік білім берудің эволюциясы: 50 жылдық жол» атты мерейтойлық апта аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бағдарламада «Жасанды интеллект: физика, математика, химия, техника және технология» тақырыбындағы халықаралық мектеп-студенттік конференция, көрнекті ғалымдар мен сала өкілдерінің қонақ дәрістері, интеллектуалды ойындар, мастер-кластар және мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Іс-шараға студенттер, оқытушылар мен профессорлар, жас ғалымдар, бизнес өкілдері, сондай-ақ мектептер мен колледждердің білім алушылары қатысты.
«Өңдірістік үдеріс машиналары және аппараттары» кафедрасын мерейтойымен құттықтаймыз! Жаңа биік жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!





