ICPC бағдарламалау жарысының 1/8 туры

Алматы технологиялық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының сеньор-лекторы Тұрысбек Жәнібектің жетекшілігімен студенттер ICPC бағдарламалау жарысының 1/8 турына қатысты.

Жарысқа 6 команда қатысып, алгоритмдік ойлау, логикалық талдау және бағдарламалау бойынша білімдері мен дағдыларын көрсетті.