«Huawei ICT Competition» халықаралық олимпиадасына арналған RoadShow өтті!
Алматы технологиялық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында «Huawei ICT Competition» халықаралық олимпиадасына арналған RoadShow іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Жақсылықов Темірлан студенттерге олимпиаданың негізгі бағыттары мен қатысу шарттарын таныстырып, тіркелу тәртібі, олимпиада кезеңдері және іріктеу талаптары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, олимпиадаға қатысу және дайындық мүмкіндіктерімен танысты.
