Г.В. Плеханов атындағы РЭУ мен АТУ-дың қос дипломды білім беру бағдарламасы

Бүгін бізбен серіктес жоғары оқу орны - Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті туралы Бүгін біз серіктес жоғары оқу орнымыз - Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті туралы айтып береміз. Біздің университетте оқи отырып, сіз бірден екі диплом ала аласыз: Г.В. Плеханов атындағы РЭУ және АТУ дипломдары.

Плеханов университетіне биыл 115 жыл толды. Ол Ресейде экономика, тауартану және технология, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, заңтану, информатика және басқа да байланысты салаларда мамандар даярлауда беделді, жетекші жоғары оқу орны болып саналады. Оқытудағы негізгі екпін - білім берудің практикалық бағыттылығы және оның қазіргі экономиканың нарығымен байланысты.

Г.В. Плеханов атындағы РЭУ мен АТУ-дың қос дипломды білім беру бағдарламасы келесі мамандықтар бойынша оқытады:

✅ 6В04101 Экономика
✅ 6В04102 Менеджмент
✅ 6В04106 Қаржы
✅ 6В06101 Ақпараттық жүйелер
✅ 6В06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
✅ 6В06103 Бағдарламалық инженерия
✅ 6В07201 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
✅ 6В11102 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

АТУ-ға түс және бірден екі диплом ал. Үздік білімге инвестиция сал!

Толық ақпарат алу үшін тел.: 8 (727) 221 88 08, 8-777-048-18-46