GRADUATION'26: АТУ түлектері жаңа өмірге қадам басты
Алматы технологиялық университетінде 2026 жылғы түлектерге диплом тапсырудың салтанатты рәсімі сәтті аяқталды. Үш күн бойы университеттің барлық факультеттерінің түлектеріне дипломдар табысталып, олардың өміріндегі маңызды белестердің бірі қорытындыланды.
Салтанатты іс-шараларға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, ата-аналар мен түлектердің жақындары қатысты. Жас мамандарға жүрекжарды құттықтаулар айтылып, алғыстар мен ақ тілектер жолданды. Оларға кәсіби жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындырып, алға қойған мақсаттарына нық қадаммен жетуге тілектестік білдірілді.
Биыл АТУ түлектерінің қатары алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолданып, ел экономикасы мен өнеркәсібінің түрлі салаларының дамуына өз үлесін қосуға дайын жүздеген білікті мамандармен толықты. Олар оқу жылдары ішінде кәсіби құзыреттерді меңгеріп қана қоймай, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте де мол тәжірибе жинақтады.
Алматы технологиялық университеті 70 жылға жуық уақыт бойы Қазақстанда және шетелде табысты еңбек етіп жүрген жоғары білікті мамандарды даярлап келеді. Бүгінде АТУ түлектерінің қауымдастығы еліміздің нақты экономика секторына елеулі үлес қосып жүрген 65 мыңнан астам кәсіби маманды біріктіреді.
Құрметті түлектер, оқу орнын табысты аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Қолдарыңыздағы диплом кәсіби дамудың, тың идеялардың, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктердің берік негізіне айналсын. Ал туған альма-матердің есігі сіздер үшін әрдайым ашық!









