Габрово техникалық университетінің профессорларының АТУ- ға сапары
Ақпараттық жүйелер кафедрасында Болгария Республикасындағы Габрово техникалық университетінен шетелдік профессорлардың сапары өтті, оның аясында кафедра оқытушылары мен қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Сапар барысында қонақтар білім беру бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен танысып, білім беру үдерісін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Делегация үшін кафедраның зертханалық аудиторияларына экскурсия ұйымдастырылды. Профессорлар материалдық-техникалық базамен, заманауи жабдықтармен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан оқу және ғылыми жобалармен танысты. Академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды дамытуға өзара қызығушылық білдіріп, алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындады.


