Философия докторларына диплом тапсыру салтанатты рәсімі

2024 жылғы 24 сәуірде АТУ-да біздің ЖОО-ның дессартациялық кеңестерінде өз жұмыстарын сәтті қорғаған философия докторы (PhD) дәрежесін ізденушілерге дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Салтанатты шараға университет басшылығы, диссертациялық кеңестердің төрағалары, кафедра меңгерушілері мен ғылыми кеңесшілер қатысты.

Салтанатты рәсімді бірінші проректор Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы ашты. Философия докторларын (PhD) дипломдармен құттықтай отырып, бірінші проректор жас ғалымдардың өз ісінің нағыз білгірлері, сұранысқа ие мамандар болатынына және Қазақстан ғылымының дамуы мен өркендеуіне лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары айналым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 07 наурыз және 19 наурыздағы «Дәреже беру туралы» бұйрықтарына сәйкес философия докторының өз үлгісіндегі дипломдары беріледі:

  • Салтанат Шалхарбайқызы Сабырханова - 8D07206 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»;
  • Төлеуғазықызы Ақерке – 6D072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша;
  • Ибраимова Сания Ерболатовна – 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша;
  • Есенғазиева Алия Нигметовна – 8D07201 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша;
  • Серикбаева Аяна Нургалиевна – 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша;
  • Керимбаевой Ажар Адилханкызы – 8D07202 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша;
  • Сарыбаева Эльвира Ермековна – 6D073300 «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы бойынша.