ЭжБФ үшін "Төлемге қабілетсіз ұйымның қаржылық менеджменті" шеберлік сыныбы өтті.

АТУ Экономика және бизнес факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында «Антикризистік басқару» пәні аясында СРО «Қазақстанның Рәсімдерді қалпына келтіру және банкроттық саласындағы басқарушылар одағының» Басқарма төрағасы, Ұлыбритания Корольдік Арбитраж сотының мүшесі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салалық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының қаржы институттары жөніндегі Салалық кеңесінің мүшесі Кабикенова Марияш Майрамбаевна «Төлем қабілетсіз ұйымның қаржылық менеджменті» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Марияш Майрамбаевна студенттерге кәсіпорындардағы және жалпы экономикадағы кризистік менеджердің рөлі, банкроттық рәсімі мен осы саладағы заңнама, антикризистік басқарудағы халықаралық тәжірибе туралы өте жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ болашақ жас мамандармен бірге бұл мамандықтың ерекшеліктерін, сондай-ақ осы бағыттағы табысты менеджерге қажетті кәсіби және тұлғалық қасиеттерді талқылады.

Қызықты мастер-класс үшін Марияш Майрамбаевнаға, сондай-ақ «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Саханова Гаухар Бақытқызына және кафедра оқытушысы, э.ғ.д., қауымдастырылған профессор Кунанбаева Дуйсекуль Ашимбековнаға алғыс білдіреміз.