Erasmus+ бағдарламасы аясында АТУ делегациясы құрамында - Габрово техникалық университетіне сапармен барды
Erasmus+ бағдарламасы аясында АТУ делегациясы құрамында Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Орманбекова Айнур Алибековна, «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының сеньор-лекторы Жұмахан Нұржан Бейбитұлы және академиялық мобильдік бөлімінің басшысы Омирбекова Айгерим Абзалбековна Болгариядағы серіктес жоғары оқу орны — Габрово техникалық университетіне (Technical University of Gabrovo) сапармен барды.
Сапар барысында АТУ өкілдері біздің университеттің соңғы жетістіктері туралы презентация ұсынып, ТУ студенттеріне бірнеше дәріс оқыды және әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты. Сонымен қатар делегация мүшелері Габрово ТУ-дың академиялық құрылымымен, оқу жоспарларын әзірлеу үдерісімен және ғылыми нәтижелерді білім беру процесіне енгізу әдістерімен танысты.
Тараптар автоматтандыру, интеллектуалды жүйелер және робототехника бағыттарында тәжірибе алмасып, білім беру бағдарламаларын жетілдірудің заманауи тәсілдерін және болашақтағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Академиялық мобильдік екі университет арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтып, бірлескен зерттеулерге, инновациялық жобаларға және академиялық алмасуларға жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл сапар АТУ оқытушылары мен студенттерінің кәсіби құзыреттерін дамыту мен білім сапасын арттырудағы маңызды қадам болды.





