ДОКТОРАНТУРАҒА ҚҰЖАТ ТАПСЫРУҒА ҮЛГЕРІҢІЗ!

Мемлекеттік білім беру гранттарына құжаттарды 2026 жылғы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Білім беру бағдарламалары бойынша бөлінген мемлекеттік гранттар санын көру үшін карусельді соңына дейін сырғытыңыз.

Докторантураға түсу емтиханына өтініштер www.app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Өтініш беру кезінде түсу емтиханын тапсыратын қаланы таңдай аласыз.

Түсу емтиханын тапсыру орны мен уақыты туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинеттегі «Менің іс-әрекетім» бөлімінде жарияланады.

АТУ қабылдау комиссиясы күн сайын, демалыссыз 08:30–18:00 аралығында жұмыс істейді.
+7 707 221 88 08
+7 (727) 221 88 08