Дизайндағы жасанды интеллект: АТУ студенттеріне арналған Алмас Амирхановтың қонақ дәрісі

Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінде қонақ дәріс өтті!

Белгілі қазақстандық дизайнер, «MoneyQen» бренді мен аттас ерлер ательесінің негізін қалаушы, АТУ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Амирханов Алмас студенттермен «Жасанды интеллект» тақырыбында кездесті.

Спикер дизайнер мамандығындағы AI мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіріп, жасанды интеллектіден қорықпау керектігін, оның адамға бәсекелес емес, керісінше көмекші құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар AI ассистентпен тиімді жұмыс істеу жолдарымен бөлісті.

Сапалы білім, кәсіби көкжиек, үздіксіз даму және өз ісіңді сүю - табыстың басты формуласы.

«Бүгін өзіңе салған инвестицияң ертең еселеп қайтады», - Алмас Амирханов.

Іс-шара АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сабралиева Марина Дуйсенгалиевнаның ұйымдастыруымен өтті.