Дизайн, текстиль және киім технологиясы факультетінің магистратура бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу

2026 жылдың 25 қыркүйегінде ASIIN аккредиттеу комиссиясының отырысында «Алматы технологиялық университеті» АҚ үш магистратура бағдарламасының халықаралық аккредитациясын ұзарту туралы шешім қабылданды:

  • 7М07204 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы».
    «Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасының меңгерушісі - техника ғылымдарының кандидаты, профессор Талгатбекова А.Ж.
  • 7М07205 «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы».
  • 7М07206 «Азық-түлік емес заттар мен бұйымдардың қауіпсіздігі».
    «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі – доктор PhD Дошибекова А.Б.

Халықаралық аккредиттеу мерзімі 2031 жылдың 30 қыркүйегіне дейін - көзделген ең жоғары мерзімге ұзартылды.

ASIIN аккредитациясын ұзарту білім беру бағдарламаларының халықаралық талаптар мен сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. Бұл маңызды жетістік факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының, білім беру бағдарламаларының басшылары мен кафедра қызметкерлерінің білім беру бағдарламаларының мазмұнын үнемі жетілдіруге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және академиялық ортаны дамытуға бағытталған жүйелі және дәйекті жұмысының нәтижесі болды.

ASIIN халықаралық аккредиттеу университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтады, академиялық ынтымақтастықты дамытуға және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді. Ол сондай-ақ қазіргі заманғы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру үшін қосымша жағдайлар жасайды.

Дизайн, текстиль және киім технологиясы факультетінің профессор-оқытушылар құрамын, білім беру бағдарламаларының басшыларын, кафедра меңгерушілерін және халықаралық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтуге үлес қосқан барлық қызметкерлерді құттықтаймыз!

Келешекте табыстар, жаңа кәсіби жетістіктер, перспективалы білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауда лайықты нәтижелер тілейміз! 

Маңызды жетістіктеріңізбен құттықтаймыз және халықаралық тану және білім беру сапасының жоғары стандарттарына жету жолында жаңа табыстар тілейміз!