Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінде академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетіне М. Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтының студенттері келді.

Қонақтар тәжірибе базалары мен «Дизайн» кафедрасының филиалдарын аралады. Олардың қатарында «ARUNAZ» сән үйі, «Зерлеу сән үйі», «Балалар әдебиеті» компаниясы және басқа да ұйымдар бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер арасында тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және білім алушылардың кәсіби дамуын жетілдіру көзделген.