Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті студентінің шығармашылық жұмысы Батыс халықаралық дизайн биенналесі мен Қытайдағы Дизайн апталығының көрме жобаларының қатарына енді

Біз Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің «Дизайн» бағытының студенті Чумак Полинаны Батыс халықаралық дизайн биенналесі «Жібек жолының рухы» (Қытай, Сиань қаласы) аясында өткен IV Халықаралық студенттік байқауға сәтті қатысуымен құттықтаймыз!

Полинаның «THE INVISIBLE SILK ROAD» атты жұмысы биенналенің көрме жобаларының қатарына, сондай-ақ халықаралық Дизайн апталығының экспозициясына еніп, онда келушілер мен әлемдік кәсіби қауымдастық назарына ұсынылды.

Алған білімдері мен дағдыларының, үздік оқытушылардан білім алуының және университет тарапынан көрсетілетін жан-жақты қолдаудың арқасында біздің студенттеріміз тек Қазақстандағы маңызды салалық іс-шараларға қатысуға ғана емес, сонымен қатар өздерін және өз таланттарын халықаралық деңгейде танытуға бірегей мүмкіндік алады.

Біз Полинаға жаңа шығармашылық жетістіктер, шабыт және бұдан да көп жарқын әрі қызықты жобалар тілейміз!

Сәтті мансап АТУ-дан басталады!