Әділетті қоғам – саналы ұрпақтан басталады!
Алматы технологиялық университетінде Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды.
Кездесуге Алматы қаласының студенттік омбудсмені Аманжол Рабатов пен белсенді студенттер қатысып, әділеттілік, сапалы білім, ұлттық құндылықтар және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын қозғады.
Талқылау барысында әділетті қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі мен саналы азаматтық ұстанымның маңыздылығы атап өтілді.
Әділетті қоғам құру – әр азаматтың саналы таңдауы мен ортақ жауапкершілігінен басталады!