«Цзинши институты» жобасының жоспарына сәйкес АТУ-да Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының салтанатты ашылуы өтті
АТУ мен Байин-Гуолэн кәсіптік-техникалық колледжі (Bayin Guoleng Vocational and Technical College, Қорла қ., Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) арасындағы нәтижелі ынтымақтастық жалғасуда. Университетімізге колледж өкілдері құрамындағы делегация келді: партия бөлімшесі хатшысының орынбасары әрі Мұнай-химия инженериясы мектебінің деканы Ван Янь, Тоқыма және киім өндірісі мектебінің декан орынбасары Ван Цин және профессор Янь Линлин. Сапар барысында АТУ басшылығымен, ДТжКТФ деканы Сарттарова Ляззат Тургунбековнамен, «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Дошибекова Айжан Багдатовнамен, университетіміздің ғалымдары мен оқытушыларымен кездесу өтті.
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында «Цзинши институты» жобасының жоспарына сәйкес АТУ-да Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінде Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Аталған зертхана базасында АТУ оқытушылары мен олардың қытайлық әріптестері арасындағы ынтымақтастық жүзеге асырылады. Жаңадан ашылған зертхана негізінде бірлескен ғылыми әзірлемелер, білім берудегі инновациялық тәжірибелерді енгізу, тәжірибе алмасу және академиялық командаларды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Bayin Guoleng Vocational and Technical College 2002 жылы құрылған, Қытай Халық Республикасындағы ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Колледж 10 факультеттен тұрады: Экономика және менеджмент, Биологиялық инженерия, Машина жасау және электротехника, Өнер, Педагогика ғылымы, Электронды ақпараттық инженерия, Туризм экономикасы, Мұнай-химия инженериясы, Минералдық ресурстар және Базалық пәндер оқыту кафедрасы.














