Біздің университетте білім күні бірінші курс студенттері үшін өз факультеттерімен танысудан басталды

Біздің университетте білім күні бірінші курс студенттері үшін өз факультеттерімен танысудан басталды. Бүгін шәкірттермен АТУ-дың саны жағынан да сапа жағынанда ең үлкен факультеті - азық-түлік технологиялары факультетінің және экономика және бизнес факультетінің декандары кездесті. Бірінші курс студенттері жаңа оқу орны туралы ақпарттармен танысып, сонымен қатар, барлық сұрақтарына жауап алды.

Бірінші курс студенттерін біздің тату командамызда көргенімізге қуаныштымыз!

Оқу барысында сәттілік, мол табыс, жемісті жетістіктер тілейміз!