Біздің университет сізге жылдың басты оқиғаларының бірі-көрнекті қазақстандық композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған "QUSTAR" симфониялық шоуының премьерасына шақыру қағаздарын береді
Құрметті АТУ студенттері мен қызметкерлері!
Біздің университет сіздерді жылдың маңызды оқиғаларының бірі – қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «QUSTAR» симфониялық шоуының премьерасына шақырады.
Шақыру билеттері шектеулі, аңызға айналған шоуға куә болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Бағдарламаның жүрегінде – осы жобаға арнайы жазылған канадалық композитор Дмитрий Вареластың жаңа көлемді шығармасы. Шоуға әлемге әйгілі скрипкашы-виолончелист, маэстро Марат Бисенғалиев құрған Үндістан симфониялық оркестрі қатысады. Биыл оркестр өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде және Еуропа, Азия мен Таяу Шығыс сахналарында гастрольдік сапарларымен халықаралық мойындауға ие болды.
Сахнада 40-тан астам әртіс өнер көрсетеді: симфониялық оркестр, хор, мультиаспапшылар, солистер мен бишілер.
«QUSTAR» симфониялық шоуы – бұл жай ғана концерт емес. Бұл – естелікке тағзым, мәдени манифест және бүгінгі даланың үні мен оның ұлы тұлғаларынан қалған мұра жайлы көркем толғаныс.
Күні: 2025 жылғы 16 қыркүйек
Уақыты: 20:00
Өтетін орны: Достық даңғылы, 56, Республика сарайы
Шақыру билеттерін факультеттеріңіздің деканаттарынан немесе Бас оқу ғимаратының 1117-кабинетінен алуға болады.