Біздің студенттік клубтарымыз өз қатарына бірінші курс студенттерін қабылдауды жалғастыруда

«Жастар» ИПК-ның бірінші курс студенттерін қабылдау кеші жоғары деңгейде өтті. Клубты жаңа сатыға көтеріп, жаңашылдық әкелуші жас буындары да қатарға қосылды!

Кештің қызықты өткені, сағаттардың зымырағанын да сездірмеді. Ең амбициялық, дамуға ұмтылыстары зор студенттер, ән-күймен түрлі ойындармен кештің атмосферасын өрбітті. Элиталық ортаны көрсеткен бұл кеш ешкімнің эмоцияларын бей-жәй қалдырмады.

Клуб жалынды жас буындармен алға жылжуға дайын!

Қатарға әлі де қосылғысы келетін жандар үшін байланыс телефоны: +7 776 233 9205