Бірден қос диплом ал!

АТУ мен Г.В. Плеханов атындағы Ресей Экономикалық Университетінің қосдипломдық білім беру бағдарламасы. АТУ-да оқи отырып, бірден екі беделді дипломға ие бола аласыз: АТУ және Г.В. Плеханов атындағы РЭУ дипломдары.

Г.В. Плеханов атындағы РЭУ – биыл 115 жылдық тарихын атап өткен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Экономика, тауартану және технология, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, құқық, информатика және басқа да іргелес салалар бойынша мамандар даярлайтын Ресейдің көшбасшы университеті. Оқытудағы негізгі басымдық – білімнің тәжірибеге бағытталуы және қазіргі заманғы экономиканың талаптарымен тығыз байланысы.

АТУ мен Г.В. Плеханов атындағы РЭУ бірлескен қосдипломдық бағдарламасы келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

  • 6В07209 Қоғамдық және арнайы тамақтану өнімдерінің технологиясы
  • 6В04101 Экономика
  • 6В04106 Қаржы
  • 6В06101 Ақпараттық жүйелер
  • 6В11102 Мейрамхана ісі және мейрамхана бизнесі

Толығырақ: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08