Бүгін АТУ-да жас ғалымдарға магистр дипломдары табысталды

2021-2022 оқу жылында магистратурада 122 магистрант ғылыми – педагогикалық бағыт және бейінді дайындық бағыттары бойынша оқуын аяқтады, оның ішінде 115 ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрант және бейінді дайындық бағытындағы 7 магистрант бітірді.

96 магистрант мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және 26 магистрант шарт негізінде білім алды.

Магистранттарды бүгінгі айтулы күнмен құттықтаймыз! Әрдайым алға қадам басып, тек биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз. Алдағы уақытта өмірлеріңіз тек қана сәттілікке толы болып, ғылым жолында жақсы маман болыңыздар.