Бүгін АТУ-да шығармашылық емтихан тапсыру үшін құжаттарды қабылдау басталды

Құрметті талапкер! Егер «Дизайн»  («Дизайн, Сән») білім беру бағдарламасына АТУ-ға түскің келсе, сен үшін маңызды ақпарат!

 «Дизайн, Сән» білім бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер назарына! Қабылдау комиссиясына (108 кабинет) толық құжаттар тізімін тапсырған талапкерлер ғана шығармашылық емтиханның кеңес беруіне қатыса алады.

Бүгін шығармашылық емтихан тапсыру үшін құжаттарды  қабылдау басталды.

 Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:

 Геометриялық фигуралардың суреті
 Сызу

Кеңес керек болса кел, біз сені емтихан тапсыруға дайындаймыз. Кеңес беру 20-30 маусым аралығында күн сайын (25.06 - 26.06-дан басқа) 9.00-ден 12:30-ға дейін жүргізіледі. Өзіңмен қарапайым қарындаш, сурет салуға арналған қағаз, өшіргіш, ұштағыш алып келсең болды.

 Өтетін орны: Төле би к-сі, 100, ГУК АТУ, аудитория: 1206, 1208

Сұрақтарыңыз болса, қоңырау шалыңыз:  +7 707 2218808, +7 777 0481846