BAUYRSAQ PARTY
Бүгін Бас оқу корпусының фойесінде Bauyrsaq Party атты жарқын әрі жылы іс-шара өтті, оны Тәрбие ісі жұмысы бойынша проректор командасы ұйымдастырды.
Мереке ұлттық нақышқа және көтеріңкі көңіл-күйге толы достық атмосферада студенттер мен университет қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырды. Қонақтарға бауырсақтар ұсынылып, ізгі тілектер айтылып, шынайы мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
Аталған іс-шара ұлттық дәстүрге құрмет көрсетіп, ұжымдық рухты нығайтуға және студенттерге бірлік пен ынтымақтастық ортасын қалыптастыруға зор мүмкіндік берді.
Bauyrsaq Party барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, университет өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналды.



