Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінде АТУ бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қосылу рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті!

Мерекелік шара «Oscars» салтанаты стилінде ұйымдастырылды. Бірінші курс студенттерін өмірлеріндегі маңызды оқиғалардың бірімен АТУ Басшылығы мен факультет декандары құттықтады.
Қонақтар қазақстандық эстрада жұлдыздары мен АТУ шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетілімдеріне куә болды.

Қымбатты бірінші курс студенттері, сіздерді салтанатты түрде АТУ студенті атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуларыңыз сәтті, студенттік өмірлеріңіз жарқын әрі ұмытылмас болсын!