«АЖ» кафедрасы «ATU IT Skills» халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік олимпиадасын ұйымдастырды.

Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы Технологиялық Университеті мен Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті арасында «ATU IT Skills» халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиада екі бағыт бойынша өткізілді:

  • «Компьютерлік желілер»
  • «Алгоритмдер және деректер құрылымы»

Іс-шара студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін, практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды.