«Қазақстан халқына» қоры АТУ 10 грант бөлді!

Құрметті достар!

«Қазақстан халқына» қоры Алматы технологиялық университетіне 10 грант бөлді! Грантқа өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылдың 17 тамызын қоса алғанда!!!

Гранттарды алуға Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады:

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
  • мүгедектігі бар
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан
  • 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балалары
  • 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар

Назар аударыңыз!!! ҰБТ сертификатында шекті өту баллы болуы тиіс!!!

АТУ қабылдау комиссиясы ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІСІЗ сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді!!! Сіздерді Алматы қ., Төле би к-сі, 100, бас оқу корпусы, 108 кабинет мекенжайы бойынша күтеміз!!!

Барлық сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантын тағайындауға үміткерді растау сауалнама-өтініші

Хаттамаға 2-қосымша